$ 443.37  474.49  4.83

Алғаш рет «Ғалам аруы» байқауына Сауд Арабиясының өкілі қатысады

Руми бұған дейін де көптеген сұлулық байқауларына қатысып, жүлделі орындар иеленген.

Фото: www.instagram.com/rumy_alqahtani
Фото: www.instagram.com/rumy_alqahtani

Биыл бірінші рет Сауд Арабиясының өкілі «Ғалам аруы 2024» байқауына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 жастағы модель әрі блогер Руми әл-Кахтани Корольдік атынан бақ сынайды.

Бұл жаңалықты Руми өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Ғалам аруы 2024» байқауына қатысу мен үшін үлкен абырой, - деп жазды әл-Кахтани.

Руми бұған дейін де көптеген сұлулық байқауларына қатысып, жүлделі орындар иеленген. Сауд Арабия сұлулық байқауының бас жүлдегері корольдіктің атынан «Таяу Шығыс аруы», «Ғаламшар аруы» байқауларында да бақ сынаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары