Жәбірленуші Айтбек Амангелді куәлік беріп, тараптардың сұрақтарына жауап беруде.
Астанада өтіп жатқан кезекті сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының бұрынырақ та соққыға жығылғанын дәлелдейтін суреттерді көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгінгі сот отырысында қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр. Жәбірленуші Айтбек Амангелді куәлік беріп, тараптардың сұрақтарына жауап беруде.
Оның айтуынша, суретті 2023 жылы наурызда марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жіберген. Ағасы Айтбек Амангелді алып кетпек болған, бірақ қарындасы бұған келіспеген.
Мен оған "Егер соққылар қатты болса, ол (Қуандық Бишімбаев) сені өлтіріп тастайды" дедім. Бірақ Салтанат бұл оның өмірі екенін және кетпейтінін айтты", – деді куәлік етуші Айтбек Амангелді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бишімбаев соты: тікелей эфир (ВИДЕО)