Менің инстаграмым «жарылайын» деп тұр.
Танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Қуандық Бишімбаевтың сотта айтқан «бір кездері Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болды» деген сөзіне қатысты пікір білдіріп, отбасының абыройына нұқсан келгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Естеріңізге сала кетсек, сот барысында Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан ұрыстың себебі неде екенін сұрай бастағанда, оның кеңсесінде Нүкенованың жақын қарым-қатынаста болған жігіттің фотосы тұрғанын айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ол елге танымал кәсіпкер»: Бишімбаев әйелін қызғанғанын айтты
Ол сурет оның көңіл күйіне әсер еткенін және ол елге танымал кәсіпкер, есімі "Райымбек" деп атап өтті.
Бұл пікірге қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың жұбайы Ленара Баталова пікір білдірді.
«Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым «жарылайын» деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз, – деп жазды Ленара Баталова Instagram-парақшасында.