Министрліктің хабарлауынша, форум 2025 жылға ауыстырылады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ауқымды су тасқынына байланысты 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумын өткізбейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрліктің хабарлауынша, форум 2025 жылға ауыстырылады.
«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп хабарланды министрлік сайтында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылданған еді.