$ 494.87  520.65  4.91

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әр жасаған жақсылығымды әлеуметтік желіге сала бермеймін

Қайрат Нұртастың әйелі мұндай шешім қабылдауға қоғамда айтылып жүрген сынның әсер еткенін айтты.

Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова елдегі қиын жағдайға ақпараттық қолдау көрсететінін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Нұртастың әйелі Instagram парақшасында мұндай шешім қабылдауға қоғамда айтылып жүрген сынның әсер еткенін айтты.

Ел басына күн туса...

Білесіздер ме? Ел басына күн туғанда мейірімділікпен, адамгершілікпен, жомарттықпен сыналып жатамыз.

Қоғам өзгерді ме, адам өзгерді ме, әйтеуір, әр жасаған қадамыңа есеп бермесең, шалыс бассаң сынның астында қалып, жаншыласың.

Қайырымдылықты бірі Алла жолында, бірі биліктегілердің назарына іліну мақсатында жасырын, жария жасап жатыр. Енді біреулер сол жасалған қайырымдылықтан мін іздеп, кімнің қанша берген-бермегенін есептеп, сынап, мінеуде.

Өз елімнің азаматшасы ретінде елдегі қиын жағдайға үнімді қосып, қолымнан келгенше көмегімді аяған емеспін. Бірақ әр жасаған жақсылығымды әлеуметтік желіге сала бермеймін.

Десе де, сіздердің кешегі пікірлеріңізді оқи отырып, мынандай шешімге келдім.

Елдегі жағдайға қандай көмек бере аламын дегенде, біріншіден, шама-шарқым жеткенше, аз да болса, керекті заттармен қамтамасыз ету. Екіншіден, өз аудиториясы бар желі пайдаланушысы ретінде ақпараттық қолдау көрсету.

Баршамызға бір Алла жар болсын! - деді танымал актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары