$ 494.87  520.65  4.91

Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айттты

Бірақ Маңғыстау облыстық құқық қорғау органдарында таныстары бар.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуі оны аңдып, қорқытып жүргенін айтып дабыл қақты. Сөзінше, қорғау тәртібі бұйрығын ер адам бірнеше рет бұзса да, құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап.

Арайлым Әлібаева 13 жыл күйеуімен некеде болған. Осы жыл ішінде ол бірнеше рет жұбайының соққысына түсіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық, эмоционалды, экономикалық қысымға ұшыраған. Мұндай қорлыққа шыдамай, 29 ақпанда күйеуінен қашып, бөлек пәтер жалдаған. 

“Ол үнемі ұрып-соғып, салдарынан есімді жоғалтатынмын. Үстіме су құятын, өмірімнің бәрі көз алдымнан өтті. Балалар да куә, кенже балам әбден қорқып, шымылдықтың артына тығылатын”, – дейді келіншек. 

Бөлек кетсе, де күйеуі оған маза бермеген көрінеді. Барлық жерде бұғаттаса да, Kaspi арқылы аз ақша аударғандай боп “менімен тілдес”, “бәрібір де кездесеміз” деген хабарламалар жібереді дейді.

5 наурызда бұрынғы күйеуінен қорғау тәртібі туралы бұйрық шыққан. Алайда ер адам бұл бұйрықты бірнеше рет бұзыпты. 6 наурызда хабарламалар жазып, ал 9 наурызда әйелдің көлігінің терезесін сындырған.

“Ол бірнеше рет қауіпсіздігімді бұзды. Бірақ Маңғыстау облыстық құқық қорғау органдарында таныстары бар. Полицейлер қорғау тәртібі бұйрығын бұзуына қатысты істі қозғаған да, қайтадан қысқартып тастаған. Неге екені белгісіз. Маңғыстау облыстық прокуратурасы мұны заңсыз деп таныды”, – дейді Арайлым.

1 сәуірде сот ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салды. Десе де қорғау тәртібін бұзғанға қатысты әкімшілік іс қозғалмапты. 9 мамырда істің мерзімі өтеді. 

Амалы таусылған әйел “Немолчи” қорына жүгініпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары