$ 494.87  520.65  4.91

Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін

Бұл істі Ресейдің Тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. 

Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов салықтан жалтарып, төлемей жүргені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 199-бабы бойынша 6 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Eadaily.com порталының мәліметінше, Ресейдің «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, Хабиб Нурмагомедовтің салық қызметі алдында үлкен қарызы бар көрінеді.

Хабиб Нурмагомедовтің 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, - ред.) қарызы бар болып шықты. Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттаған.

Нурмагомедовтің адвокаты Игорь Бушмановтың айтуынша, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге де отыруы мүмкін.

«Салықтан жалтару – ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 млн-нан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған», – делінген хабапламада.

Бұл істі Ресейдің Тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. Сирек түрде – құрылтайшы мен бас есепші. Айыпкер салық пен өсімді толық төлесе, жазадан құтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары