$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы орташа айлық жалақы көлемі белгілі болды

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақы туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бюро мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 12,3%-ға өсіп, 382279 теңгені құрады.

Биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.

"Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады", - делінген түсініктемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары