$ 494.87  520.65  4.91

«Заң бар»: Министр хиджабқа қатысты пікір білдірді

Ол білім беру ұйымдарында арнайы ережелер мен заң барын айтады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептегі хиджабқа мәселесіне қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

BAQ.KZ сайтының жазуынша, министр білім беру ұйымдарында арнайы ережелер мен заң барын айтады. Ол мектептің  білім мен тәрбие беретін орын болуы тиіс деп санайтынын тілге тиек етті.

Біз осы ережелерді ұстанып, оларды орындауымыз керек. Барлық білім беру ұйымдары осы талаптарды орындайды. Олар мектеп ережелеріне, жарғыға да енгізілген. Жеке білім беру ұйымдарына келетін болсақ, мәселен, нақты шағым келіп түскен кезде біз Атырау облысындағы осындай мектепті жаптық. Сондықтан бұл жұмыс жалғасады, - деді Бейсембаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары