$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті

Құтқарушылар қыздың біреуінің денесін судан шығарды, екінші баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен өмір белгілері жоқ бір қыздың денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары