Күдікті Ақтау қаласында жүрген жерінен ұсталды.
Ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Атырау облысының полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күдікті Ақтау қаласында жүрген жерінен ұсталды.
“Кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туылған әйелді өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.