$ 481.84  531.33  5.07

Бүгін белгілі ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туған күні

Ғалым 250-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы.

Фото: kazpravda.kz
Фото: kazpravda.kz

Осыдан 103 жыл бұрын (1921-2001) Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының док­торы, профессор Ғұбайдолла АЙДАРОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы Емір-Торты жерінде туған. 30-жылдардағы түбекті жайлаған жұт пен ашаршылық кезінде отбасымен Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Кейіннен Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен балалар үйіне қабылданып, білім алады.

1934-1935 жылдары Түрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-1938 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі.

1948 жылы Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады.

Ғалым 250-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған, ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары