Жергілікті сот имам жазасын Бурабай ауданында өтеп жатқанын хабарлады.
Жуырда қоғамды елең еткізген имам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетті тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген. Ақмола облысының соты имамның әрекетіне қатысты шешім шығарды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Айгүл Орынбек: Имамды ақтап жатқандар қоғамда діни алауыздық тудыруы мүмкін
«Сот қаулысымен Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген облыстық соттың хабарламасында.
Жергілікті сот имам жазасын Бурабай ауданында өтеп жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанайдың Бас имамы 15 тәулікке қамалғанын жазғанбыз. Артынша оны ҚМДБ жұмысынан босатты.