$ 494.87  520.65  4.91

«Ақжайық» футбол клубының экс-басшысы ұсталды

Тергеу жалғасуда.

Фото: "Ақтөбе" ФК
Фото: "Ақтөбе" ФК

«Ақжайық» футбол клубының бұрынғы басшысы Азамат Шайхы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растады.

«Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Тергеу жалғасуда», – делінген агенттік хабарламасында.  

Еске салсақ, Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубының директоры қызметінен 2022 жылдың маусым айында өз еркімен кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Ақтөбе» футбол клубын басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары