$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда әйелі мас күйеуін белбеумен буындырып өлтірген

Күйеуі әйелінен соңғы 1500 теңгесін алып кеткен. Бірер сағаттан соң ер адам үйіне мас күйде келіп, жанжал шыққан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістанда әйелі 30 жыл отасқан  мас күйеуін белбеумен буындырып өлтіріп қойған. Кеше қайғылы оқиғаға байланысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 2024 жылдың сәуір айында болған. Үш ай бойы тергелген Лобар Хаджиеваға қатысты алғашқы сот отырысы бүгін өтті. Сотқа сотталушының туыстары мен жәбірленушінің жақындары жиналды,  деп жазады Stan.kz.

«Мойындаймын. Иә мойындаймын», – деді сотталушы Лобар Хаджиева.

1994 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыптының отбасында ұрыс-жанжал болатынын жәбірленушінің жақындары жоққа шығармады. Түсініспеушілік марқұм болған ер адам үйге ішімдік ішіп келгенде шығады дейді жәбірленушінің ағасы. Сөйтіп келіні жағдайды хабарлап отырғанын жеткізді.

Сотта марқұмның туысы әйелге кешірім бермейтінін айтты.

«Келінге ешқандай кешірім жоқ. Кешірім бермейміз», – дейді жәбірленуші тараптың өкілі.

Ащы судың соңы тағы бір жанжалға алып келген сыңайлы. Бұл факт айыптау актісінде айтылды.

«Лобар Хаджиева кешке ұлымен шай ішіп отырғанда күйеуі келіп спирттік ішімдікке ақша сұраған. Сөйтіп әйелден соңғы 1500 теңгесін алып кеткен. Бірер сағаттан соң ер адам үйіне мас күйде келіп, жанжал болады. Және әйелінің бетіне насыбайды түкіріп жібереді. Ашуға булыққан Лобар Хаджиева күйеуін өлтіруге бел байлайды. Масаң күйде отырғанын пайдаланып, артынан белбеумен буындырған. Дәрменсіз ер адам сол жерде көз жұмған», – деді прокурор Тоқтар Аманқұл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары