$ 447.4  477.55  4.76

«Мектепке жол» акциясының 6 жылында 8 млрд.-тан астам теңге жиналды — ҚР БҒМ

«Мектепке жол» акциясы бойынша 6 жыл ішінде әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке даярлау үшін 8 млрд астам теңге жиналды. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің мәлімдеуінше, «Мектепке жол» акциясын өткізгелі бері 8 млрд. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. 6 жыл ішінде 2 млн. астам бала көмекке ие болған.

Оның айтуынша, ақша жинау білім ордаларында және ірі супермаркеттерде орналасқан «Мектепке жол» акциясының арнайы пункттерінде жүргізілуде. Акцияға шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері де белсенді қатысып келеді.

— Бүгінгі таңда ШОБ осы акция арқылы 3,5 млрд теңге қаржылай көмек көрсетті, — деді вице-министр.

Қазіргі таңда, ҚР БҒМ мәліметінше, Қазақстанда мектепке дайындық кезінде материалдық көмекке 300 мыңға жуық бала мұқтаж. Оқушыны жаңа оқу жылына толығымен даярлау үшін БҒМ болжамды есептеуі бойынша 26 мыңнан бастап 65 мың теңге қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары