Қазақ-Ресей шекарасында салмағы 20 тонна түсті металл өткізбек болған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайсаң» көлік өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстаған. Құймадан құйылып, цилиндр түрінде жасалған заңсыз жүктің салмағы — 20 тонна.
Оны тексергенде жүкті алып жүруге қажетті сертификат пен лицензиясы болмай шықты. Ал жүктің құны 40 000 000 тенге болады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.