$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмды (ВИДЕО)

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан полиция қызметкерлерінің оқиға орнын арнайы лентамен қоршауға алғанын көруге болады. 

Полицияның мәліметінше, оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні болған.

"Аталған факті бойынша “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", — делінген полция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары