$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуі ұрып-соққан»: Алматыда әйел жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болды (ВИДЕО)

Желіде оқиғаның видеосы тарады.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Желіде Алматы көшелерінің бірінде әйелдің жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда күндіз жүргізушілер жолда бір әйелдің жүріп келе жатқан көліктен секіріп түспек болғанын байқаған. Кейін белгілі болғандай, оны күйеуі көліктің ішінде ұрып-соққан.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда бірнеше ер адам әйелін ұрып жатқан күйеуін тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда ер адам көліктің есігін жауып, оқиға орнынан кетіп қалған. 

Әйелін өлтіре жаздады, –дейді куәгерлер.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұған дейін полицияға бұл ерлі-зайыптылардан шағым түспеген, – деді департамент өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары