$ 488.11  530.09  5.01

«Жалған ақпарат таралып жатыр»: Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Мектептерде орамал тағуға тыйым салу жойылған жоқ. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жоғарғы Сот маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралып жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады», - делінген Жоғарғы Сот таратқан хабарламада.

Ақпаратта көрсетілгендей, бейінді министрлікте (ред. - Оқу-ағарту министрлігінде) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. 

«Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады», - деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 41
Ұнамайды 15
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары