Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді.
Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді ПД өкілдері.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Еске салсақ, бұған дейін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан ұсталғаны хабарланған. Ал ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген сыбыс тараған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мен де әкемін»: «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан үндеу жасады (ВИДЕО)