$ 495.95  524.37  4.98

Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

16 жастағы қыз ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы жүргізуші төрт жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы 14 қарашада Есік қаласында тіркелді. Апат салдарынан 16 жастағы қыз ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ол 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан көз жұмды.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары