$ 495.95  524.37  4.98

Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді. Оқушы қыздың сынып жетекшісі арқылы факт туралы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр, - деді Сәуле Шәкенева.

Облыстық полиция департаменті зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары