Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті.
Шымкент қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Былтыр қолданылған заттарды пайдаланған күннің өзінде жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті. Оның айтуынша, әр ауданға мерекелік безендіру үшін 16 млн қажет.
"Жаңа жылды безендіруге 80 млн теңге бөлінеді, бұл қаражат барлық аудандарға қарастырылған – әрқайсысына 16 млн теңгеден. Бізде былтырғы шыршалар мен әшекейлер бар, соларды да пайдаланамыз", – деді Сыздықбеков.
Сондай-ақ, ол демеушілердің ақшасын пайдаланғаны үшін қосымша мерекелік шаралар төленетінін атап өтті.
Өткен жылы Шымкенттің бес ауданында жаңа жылдық безендіруге 74 миллион теңге, мерекелік шараларға 36 миллион теңге бөлінген еді.