$ 516.93  542.52  4.98

«Өлетіндей бала емес»: Шерзаттың әкесі інісінің өзіне қол жұмсағанына сенбейді (ВИДЕО)

Оның сөзінше, ол бейіт басынан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен.

Фото: Ulysmedia
Фото: Ulysmedia

Оның айтуынша, Нұрғанат өзін өлтіретіндей бала емес. Бұл туралы «Азаттық» радиосына Шерзат Полаттың әкесі айтып берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаржаубай Нұрымов інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне қол жұмсағанына» сене алар емес. Ол інісін өзге біреулер «суицид жасауға итермелеген» деп санайды. Әйтпесе, «Нұрғанат өлетіндей бала емес еді» дейді ол.

Қаржаубай Нұрымов журналистермен сөйлескенде ұлының бейіті басында жүрген. Себебі, Нұрғанаттың денесі осы маңнан табылған. Нұрымовтың сөзінше, ол бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден мәйітті тапқан. 

Нұрымов інісінің өліміне байланысты «әділ тергеу жүруі керек» деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары