Сондай-ақ жазбалар ұшқыш бортында төтенше жағдай жарияламаса да, ұшаққа сыртқы әсер болғанын көрсетеді.
Әзірбайжандық басылым Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының ұшқыштары мен диспетчерлер арасындағы әңгіменің толық нұсқасын жариялады. Аудиода Грозныйға қонбау, Махачкалаға ұшпау, одан кейін Бакуге қайтып оралу, соның нәтижесінде Ақтауға ұшу туралы барлық шешімдерді Әзірбайжан әуе жолдарының экипажы дербес қабылдағаны естіледі, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Baza басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Диспетчерлер әуелі Грозныйға, сосын Махачкалаға қонуды ұсынып, экипажға Ресейдің басқа әуежайлары туралы ақпарат берді, бірақ экипаж бұл жерге қонбауды ұйғарды. Оның үстіне жазбалардан құстармен соқтығысу, борттағы жарылған газ баллоны туралы нұсқаны ұшақ экипажы диспетчерлермен сөйлесіп жатқан кезінде айтқаны белгілі болды.
Сондай-ақ жазбалар ұшқыш бортында төтенше жағдай жарияламаса да, ұшаққа сыртқы әсер болғанын көрсетеді.