Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары оның тұрақты мекенжайы жоқ азамат екенін анықтады.
Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
11 ақпанда 6-шағын ауданның 24-үйіндегі бесінші қабаттың баспалдақ алаңында қозғалыссыз жатқан адам туралы тұрғындар хабарлады. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары оның тұрақты мекенжайы жоқ азамат екенін анықтады.
«Мәйітте қылмыстық белгілер жоқ, биологиялық өлім тіркелді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.