$ 443.85  474.3  4.8

Павлодар облысында тас жол бойынан екі адамның өлі денесі табылды

Екі ер адамның денесінің табылғаны жөнінде Tengrinews.kz хабарлады.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, екі адамның мәйіті «Омбы-Павлодар» күрежолының Павлодар облысы аумағында орналасқан Чернорецк ауылы маңынан табылған. «Олардың бірі 1960 жылы туған болса, ал екіншісі 1964 жылғы. Болжам бойынша, олар жол көлік апаты салдарынан қайтыс болған. Оларды көлік қаққан. Жол апаты мен кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Алайда жергілікті тұрғындар жуырда белгісіз біреулердің екі адамды арматурамен ұрып жатқанын көргендерін айтып отыр. Анықталғанындай қайтыс болған әлі екі адам Чернорецк ауылы маңындағы республикалық маңызға ие жолды жөндеумен айналысқан. Алайда жол жөндеу фирмасының басшылары бұл мәліметті растаған жоқ.

–      Бізге белгілісі қайтыс болған адамның біреуі жергілікті тұрғын екен. Ол дәл қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан тасжолда краншы қызметін атқарыпты. Ал қайтыс болған екінші адам болса Павлодар облысының тұрғыны екен, – деді Чернорецк ауылдық округының әкімдігіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары