$ 547.57  642.63  6.68

Павлодарда қауіпті қоқысқа толы алаң: әкімдік неге көз жұмады?

Әлеуметтік желіде тараған бейнероликтен қарапайым тұрғындардың ашу-ызасын байқауға болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодар қаласында аса қауіпті медициналық қалдықтар ашық аспан астында үйіліп жатыр. Бұл – халық денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдай. Арнайы полигонның орны қоқыс алаңына айналып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнероликтен қарапайым тұрғындардың ашу-ызасын байқауға болады. Бірі «Әкім с утра помойкам заехать забыл» деп әжуаласа, екіншісі «Пазорище» деп кесіп айтты. Тағы бір қолданушы «СЭС қайда қарап отыр?» деп сауал тастады.

Мәселе тек жергілікті билікке ғана емес, денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке де тікелей қатысты. «Мұндай қоқысқа жол берген министр тек трибунадан сөйлеп жүр» деген пікір де айтылды. Бұл сөз – халықтың билікке деген сенімінің азайып бара жатқанының көрінісі.

Қауіпті медициналық қалдықты өртеу немесе арнайы технологиямен жою – халықаралық талап. Ал бізде олар қарапайым тұрмыстық қоқыспен араласып, қала шетінен шығып отыр. Бұл – тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер.

Әкімдік пен министрлік бір-біріне сілтей бермей, нақты шешім қабылдауы керек. Әйтпесе ертең кеш болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары