$ 545.67  636.41  6.57

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада 7 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 13 облысында 7 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 7 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 7 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 7 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады деп күтіледі.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 7-8 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 7-8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

7-9 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7-9 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 7 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Петропавлда 7 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Көкшетауда 7 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 7 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта 7 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары