Сотқа алты жасөспірім тартылды.
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 14 жастағы жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша алты кәмелетке толмағандарға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Сотқа алты жасөспірім тартылды. Бесеуіне алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бiрнеше рет бұзақылық жасады, қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырып, денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеліп соғу баптары бойынша айып тағылды. Ал тағы біреуі денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеліп соқтыру бабымен сотқа тартылды.
"Сотта 2024 жылдың қыркүйек айында Темір ауданында 11 және 10- сынып оқушылары 9-сынып оқушылары өздеріне құрметсіздік танытты деп, оларды соққыға жығып, салдарынан 9-сынып оқушыларының бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқаны анықталды", делінген сот хабарламасында.
Тағылған айып бойынша кәмелеткетолмаған сотталушылар кінәләрін ішінара мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін көрсетті. Жәбірленушілер мен олардың заңды өкілдері сотталушыларға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың кәмелетке толағандарын таныды. Іс бойынша қылмыстық жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде бес сотталушның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқаруларын ескерді.
Сот үкімімен үш сотталушыға 6 жыл және 8 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды, ал тағы үшеуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жаза кесілді.
Бір сотталушының заңды өкілінен моралдық залал 5 000 000 теңге өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.