$ 540.06  628.25  6.61

Air Astana басшысы Питер Фостер қызметінен кетеді

Содан кейін ол компанияда аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Питер Фостер Air Astana бас директоры қызметінен кетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас директоры Питер Фостердің 2026 жылдың наурыз айында өз қызметінен және директорлар кеңесінің құрамынан кететінін хабарлады.

Содан кейін ол компанияда аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына Ибрахим Жанлыел тағайындалады — ол қазіргі уақытта Air Astana компаниясының қаржы директоры қызметін атқарады. Жанлыел компанияда 2003 жылдан бері жұмыс істейді және 2017 жылдан бастап қаржы саласын басқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Air Astana