Бағдарлама барысында Олжас Абай жары Аймираны таныстырып, бірінші рет шоуға қатысып отырғанын айтады.
Threads қолданушысы Олжас Абайдың жұбайымен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама барысында Олжас Абай жары Аймираны таныстырып, бірінші рет шоуға қатысып отырғанын айтады. Сондай-ақ ән айтатын өнері барын, бүгінде бала тәрбиесімен үйде екенін де жасырмайды.
"Олжас Абайдың жұбайы да — өнер адамы. 2016 жылғы «Не хабар?» бағдарламасындағы үзіндіге қарасаң, олардың отбасынан жылулық пен сыйластықтың лебі еседі. Жеңгеміздің көзқарасынан ұяңдық, нәзіктік байқалады, сол бейнені көріп отырып, қазір айтылып жүрген әңгімелерге сенгің келмейді… Адамның талғамы уақыт өте өзгере ме, әлде ақшаның буы мен атақтың әсері ме ? Әлде расымен «Жәудіреген бір сенің көзің үшін» деп қос ғашық бәрін махаббат жолында құрбан етіп тұр ма? Әлде бәрі хайп па?", - деді Threads қолданушысы.
Желі қолданушылары аталмыш кадрға қатысты түрлі пікір жазуда.