$ 539.56  627.35  6.84

Шымкентте ер адам досымен бәстесемін деп 26 қаламсапты жұтып қойған

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Шымкент қаласының тұрғыны бәстесудің салдарынан 26 дана қаламсапты жұтып қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен 2 сағатқа созылып, нәтижесінде мамандар науқастың асқазанынан барлығы 26 қалам-сапты эндоскопиялық жолмен алып шықты", - дейді ведомство.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, операция тіліксіз, яғни іш қуысына хирургиялық жолмен кеспей жүргізілген.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 8
Күлкілі 9
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары