$ 509.94  593.88  6.43

Жалақы алып отыр, ал жұмыс орнында жоқ: Таразда аналар АСП үшін сабылып жүр

Осындай жағдайда халықтың жүйкесі жұқарып, билікке деген сенім де сөніп барады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Тараз қаласында әлеуметтік көмекке мұқтаж аналар мемлекеттік мекемелердің салғырттығына шағымдануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеода азамат жыл соңында екі-үш рет барғанымен, қызметкерлерді орнынан таба алмағанын, базалардың істемей тұрғанын, АСП-ға құжат тапсыра алмай, қаншама ананың сенделіп жүргенін ашық айтады. Қарапайым халыққа ең керек кезде мемлекеттік жүйенің істен шығуы қоғамда үлкен наразылық тудырып отыр. Әлеуметтік қолдауға зәру жандардың уақытын ұрлап, табалдырық тоздыру – бұл жай ғана техникалық ақау емес, жауапсыздықтың көрінісі. Осындай жағдайда халықтың жүйкесі жұқарып, билікке деген сенім де сөніп барады.

Қала тұрғындары «жұмыс істемейтін жүйе мен орнында жоқ қызметкерге жалақы не үшін төленеді?» деп ашына сұрайды. Әкімдікке сын: халық сарылып тұрғанда, есігі жабық, базасы істемейтін мекемелерді реттей алмаған әкімдік өз міндетін орындамай отыр.

Ақпарат Instagram желісіндегі @taraz_analary парақшасынан алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз #жалақы