Марқұм 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген.
Белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисенбиннің дүниеден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды оның қызы әлеуметтік желі арқылы жеткізген, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұм 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 8 қаңтарда өмірден озды.
Актердің қазасы өнерсүйер қауым мен әріптестері арасында үлкен қайғыға айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Мұрат Бисенбин қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер ретінде көрермен жадында сақталады.
Марқұмның жаназасы мен жерлеу рәсімі туралы ақпарат кейінірек хабарлануы мүмкін.