$ 509.94  593.88  6.43

Дәретхана істен шыққан: Air Astana ұшағы Бейжіңге қонуға мәжбүр болды

Ұшақ сағат Сеулден 09:25-те ұшып шығып, Бейжің уақытымен 11:50-де Бейжіңге қонуға мәжбүр болды.

Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Бүгін, 8 қаңтар күні Сеул-Астана бағытында ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC210 рейсі шұғыл түрде Бейжіңге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұшақ техникалық ақауларға байланысты, дәлірек айтсақ, ұшақ ішіндегі дәретханалардың бәрі істен шыққан соң, басқа елдің әуежайына қонуға мәжбүр болған.

«Ұшақ сағат Сеулден 09:25-те ұшып шығып, Бейжің уақытымен 11:50-де Бейжіңге қонуға мәжбүр болды. Әуе компаниясының мамандары дәретханаларды жөндейтін қосалқы құралдар келе сала оны жөндейді. Рейс жергілікті уақыт бойынша 01:00-де қайта ұшады», - деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары