$ 496  588.01  6.42

Интерпол арқылы іздеуі мүмкін: Нұрлан Сабуровқа Украинада қылмыстық іс қозғалды

Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2 бабының 1-бөлігі, яғни «Агрессор мемлекетке жәрдемдесу» бойынша жүргізіліп жаты

Фото: instagram.com/nurlansaburov
Фото: instagram.com/nurlansaburov

Украинаның Қауіпсіздік қызметі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалықты адвокат Евгений Пронин өзінің Telegram-арнасында жариялады. Оның айтуынша, Сабуровқа қатысты мәліметтер Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

«Украинаның Қауіпсіздік қызметі менің арызым негізінде Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуровтың қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мүмкін екеніне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп жазды адвокат.

Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2 бабының 1-бөлігі, яғни «Агрессор мемлекетке жәрдемдесу» бойынша жүргізіліп жатыр.

Прониннің сөзінше, Сабуров ресейлік қарулы құрылымдардың өкілдеріне материалдық ресурстар дайындап, берген болуы ықтимал. Алайда адвокат бұл деректердің ресми тергеу аясында әлі тексерілетінін атап өтті.

«Интерпол жүйесіне кіретін 196 ел ол үшін не қолжетімсіз аймаққа, не оны ұстап, жазасын өтеу үшін Украинаға тапсыратын нүктеге айналуы тиіс», — деп түсіндірді заңгер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0