$ 491.97  583.77  6.39

Бурабайға демалысқа барған бойжеткен комаға түсті

Ауыр зардап шеккен өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күшейтілген бақылауға қарамастан, қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қайғылы жағдайға әкеліп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жол апатынан кейін өңір полициясы барлық қарда жүру көлігі мен квадроциклдерге тексеріс жүргізуді қолға алды.

– Жол-көлік оқиғасы 14 ақпан күні Бурабай кентінде болды. Апат салдарынан жолаушы қыз бала түрлі деңгейдегі жарақат алып ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ қар көлігін жүргізуші де жарақат алған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша, процессуалды шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ауыр зардап шеккен өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

– Пациент аса үлкен жарақаттармен түскен. Санитарлық авиация арқылы нейрохирург-консультанттар бригадасы шақырылды, қосымша көмек көрсету мүмкіндігі жөнінде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта науқас терең кома жағдайында. Өздігінен тыныс ала алмаған соң жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сыртқы тітіркендіргіштерге ешқандай реакциясы жоқ, – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Осы оқиғадан соң полиция қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерді тексеріп жатыр. Әсіресе, Бурабай курорттық аумағына ерекше назар аударылып жатыр. Олар сақтық және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0