$ 494.87  520.65  4.91

Boeing ұшағы Үндістан әуежайына қону кезінде өртенді

IndiGo авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы бортында 147 жолаушысымен және алты экипаж мүшесімен Дели әуежайына қонған кезде өртенді, деп хабарлайды «Қазақпарат» Росбалт агенттігіне сілтеме жасай отырып.

NDTV телеарнасының ақпаратына қарағанда, Мумбаи - Дели рейсін орындаған әуе кемесінің капитаны ұшақтың өртенуі туралы ақпаратты диспетчерден алған. Бұдан кейін  ол экипаж мүшелеріне ұшақ қонған бойда апаттық баспалдақтар арқылы барлық жолаушыны көшіруге шұғыл өкім берді.

Авиакомпанияның басшылығы бірнеше жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын атап өтті. Әуежай қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары