$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстандықтар ядролық сынақ құрбандарын еске алады

Қазақстан әлемдегі ядролық сынақ құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі аталған ведомствоның басшылық құрамының кезекті жұмыс жиыны қорытындысына орай мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Бас ассамблеясының 64-ші сессиясында Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз күні халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде жария етілген еді.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 29 тамыз күні сағат 11-00-де ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Барлыбай Садықовтың, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтің, БҰҰ Даму бағдарламасының жоба менеджері Мұрат Нарқұловтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг жоспарланған.

«Брифинг аясында сағат 11-05-те әлемдегі ядролық сынақ құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алу шарасы өтеді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары