$ 489.99  580.25  6.38

Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынған Нұрлан Сабуровқа қатысты тың ақпар шықты

Бұл туралы  істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Фото:  Sputnik / Алексей Майшев
Фото: Sputnik / Алексей Майшев

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты елімізде ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды. Бұл туралы  істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

"Бұл тұлғаға қатысты ішкі істер органдарында ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Сабыровтың Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейдің “Вагнер” ЖШС жауынгерлеріне 10 мотоцикл беріп, "Барлығы жеңіс үшін" қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған. Артынша Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған қатысты тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0