$ 489.3  578.94  6.38

Түркістан тұрғыны бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған

Cот рақымшылық жасады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан тұрғыны өз бүйрегін сатпақ болып ұсталды, сот рақымшылық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Түркістан қаласының ауданаралық сотында трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу бойынша айыпталған тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. 

Облыстық соттың мәліметінше, айыпталушы 2025 жылғы ақпан айында өз бүйрегін сату мақсатында «Телеграм» арқылы жарнама жариялап, ісін имитациялық түрде ішкі істер органдары қызметкерімен келісіп, 13 млн теңгеге сатуды жоспарлаған. Ұсталған кезде ол 5 млн теңге қаражатты алған. 

Сотталушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. 

– Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, 05.02.2026 жылы сотталушы М.-ді қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты, - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын Оралда 33 жастағы тұрғын өзінің бүйрегін шетелге сатпақ болғанын жазған едік.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0