Жергілікті халық көшені шұғыл түрде қалпына келтіруді талап етіп отыр.
Боралдай кентіндегі Чайковский көшесінің тұрғындары жолдың мүшкіл жағдайына байланысты дабыл қақты. Жаңа құбыр тарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін көше бойындағы жол жамылғысы толықтай бүлініп, терең іздер мен батпаққа айналған. Қазіргі таңда бұл аумақпен автокөліктің жүруі түгілі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы да мүмкін емес, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, жағдай шектен шығып, коммуналдық қызметтің өзі қиындыққа тап болған. Кеше қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге келген қоқыс көлігі батпаққа батып, орнынан қозғала алмай қалған. Бұл – жол сапасының сын көтермейтінін және коммуналдық қызметтің үзілісіне қауіп төнгенін айқын көрсетеді.
Жергілікті халық көшені шұғыл түрде қалпына келтіруді талап етіп отыр.
Әдеттегідей, инфрақұрылымдық жұмыстардан кейін жолды қалпына келтіруді қадағаламаған әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағанын тағы да аңғартты.