$ 494.66  581.87  6.43

Семейде жертөлені кәріз суы басты: әкімдік неге үнсіз?

Бірақ ауқымды апаттық жағдай кезінде сыртқы көмексіз мәселені шешу мүмкін емес екенін жұрт ашық айтып отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Семей қаласы, 2-шағынаудан, 37-үй тұрғындары дабыл қағып отыр. Көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесін апатты кәріз жүйесінен аққан су тұрақты түрде басып, жағдай ушығып кеткен. Қазіргі таңда жертөлеге кірудің өзі мүмкін емес – лас су барлық аумақты алып, электр қалқанына дейін жетуге шақ тұр. Егер мәселе жедел шешілмесе, тұтас бір подъезд емес, бүкіл үй жарықсыз қалуы ықтимал, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындардың айтуынша, тиісті мекемелерге бірнеше мәрте арыз-шағым жолданған. Алайда нақты нәтиже жоқ. Қала әкімдігі өкілдері «үйді күтіп-ұстау – тұрғындардың өз жауапкершілігі» деген уәжбен шектелген. Бірақ ауқымды апаттық жағдай кезінде сыртқы көмексіз мәселені шешу мүмкін емес екенін жұрт ашық айтып отыр.

Бұл – жай ғана жертөлені су басу емес, бұл – адамдардың қауіпсіздігіне төнген нақты қатер. Электр желісіне су тисе, салдары қандай болатынын болжау қиын емес.

Осындайда төтенше жағдайдың алдын алу емес, салдарын күту қалыпты тәжірибеге айналып кеткендей әсер қалдырады.

Әкімдік апат шегіне жеткенде ғана әрекет ететінін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Видео: @semey.ainasy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0