$ 494.66  581.87  6.43

Семейде көлік кептелісі жедел жәрдемге жол бермей тұр

Қала билігі жүйелі түрде қайталанатын бұл мәселеге нақты шешім ұсынбай отыр.
 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Семей қаласында Мичурин көшесіндегі көлік кептелісі тұрғындардың жүйкесін жұқартты. Таңғы уақытта бұл аумақта қозғалыс толықтай параличке ұшырайды. Теміржол өткелінде пойыз бар-жоғына қарамастан, көлік легі сағаттап қозғалыссыз тұрып қалады. Тіпті арнайы дабылы қосылған жедел жәрдем көліктері мен қоғамдық автобустар да уақытында өте алмайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, жолдың бір бөлігінен – соқырлар қоғамы жағынан қосымша көлік ағыны келіп, жағдайды одан әрі ушықтырады. Патрульдік полиция көліктері ғана арнайы сигналмен әрең өтеді, ал қарапайым жүргізушілер ұзақ уақыт кептелісте тұруға мәжбүр.

Бұл жағдай тек қолайсыздық емес, тікелей қауіпсіздік мәселесіне айналып отыр. Кешіккен жедел жәрдем – біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Кептеліс салдарынан адамдар жұмысқа кешігеді, қоғамдық көлік кестесі бұзылады, әлеуметтік шиеленіс күшейеді.

Қала билігі жүйелі түрде қайталанатын бұл мәселеге нақты шешім ұсынбай отыр.

Видео: @oo_osa_semey__vko

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0