Тәрбиешілерге хабарласқанда, дұрыс жауап ала алмағандарын, тіпті телефон тұтқасын қоя салғанын айтып отыр.
Түркістан қаласындағы көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында дау шықты. Студенттердің айтуынша, оларды дәліз бен дәретхананы жууға мәжбүрлейді. Тазаламасаңдар, «жатақханадан шығасыңдар» деген ескерту жасалған көрінеді. Кішкентай қыздарды көшеге қуу – кімнің құзырында?
Мекенжайы: Түркістан қаласы, Абай көшесі 81/5. Оқу орны – Түркістан индустриалды құрылыс колледжі. Студенттер арнайы тазалықшы бар ма, жоқ па – белгісіз екенін айтады. «Біз оқуға келдік, еден жууға емес» деген уәждерін жеткізгенімен, жауапты тұлғалармен сөйлесу мүмкін болмағанын алға тартады.
Тәрбиешілерге хабарласқанда, дұрыс жауап ала алмағандарын, тіпті телефон тұтқасын қоя салғанын айтып отыр. Амалсыз әлеуметтік желі арқылы мәселені көтеруге мәжбүр болған. Екі минуттық бейнежазбада жатақхана ішіндегі жағдай көрсетілген.
Видео: @kuralsin_