$ 494.66  581.87  6.43

Біреуі көз жұмды: Алматыда туристер қар көшкініннің астында қалған

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде марқұмның денесі қар астынан шығарылды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Медеу ауданындағы Алматы тауларында, 3 400 метр биіктіктегі Титов асуында төрт адамнан құралған екі турист қардың астында қалып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, олардың бірі өз бетімен қашып үлгерген. 

Қайғылы жағдай 22 ақпан күні таңертең болған. 

Оқиға орнына дереу Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 23-әмбебап құтқару жасағының құтқарушылары, «Барыс» өңірлік мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығының, кинологиялық бөлімшенің қызметкерлері мен еріктілер жөнелтілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшатын аппарат (ҰҰА) да пайдаланылды. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде марқұмның денесі қар астынан шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0