$ 494.66  581.87  6.43

Шымкентте 8 жасар баланың асқазанынан бір бума шаш алынды

Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда.

Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әжесінің айтуынша, бала соңғы күндері тамақтан бас тартқан. 7 тәулік бойы ішінің ауруып, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданған.

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтады. Жүргізілген инструменталды зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дененің бары белгілі болды.

Бала шұғыл түрде отаға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемді шаш жиынтығы алынды. Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Аталған сырқат салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдер арасында байқалады.

Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0