Тұрғындардың айтуынша, егер алғашқы рейске үлгермесең, келесі автобус кемінде 20–30 минуттан кейін ғана келеді.
Теміртау қаласының 9-шағынауданында тұрғындар қоғамдық көліктің кешігуіне наразылық білдірді. Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында аялдамада жиналған жолаушылар автобусты ұзақ күтуге мәжбүр болған.
Тұрғындардың айтуынша, егер алғашқы рейске үлгермесең, келесі автобус кемінде 20–30 минуттан кейін ғана келеді. Соның салдарынан адамдар жұмысқа кешігеді, ал қыстың күні далада тоңып тұруға тура келеді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың қар басып жатқанын, ал қоғамдық көліктің сирек қатынайтынын көруге болады. Қала халқы таңғы қарбалас уақытта қозғалыс жиілігін арттыруды талап етіп отыр. Себебі бұл – бір күндік жағдай емес, жүйелі мәселеге айналған.
Видео: temirtau.times, @otzovik_temirtau